Қол мділікті қосу жетіҚол мділікті қосу жеті

Корпоративтік философия

Мақсаты

Біздің мақсат - медицинадағы жетекші инновация арқылы дүние жүзіндегі адамдарға жақсы денсаулық пен жарқын болашақ сыйлау.

Көзқарас 2025

Емделушілер қажеттіліктерін кез келген орында қанағаттандырамыз. Біз қоғам мен тұтынушылар сеніміне Takeda-ism арқылы ие боламыз. Біз сала үздігі ретінде танылғанбыз, оның себебі жылма жыл тұрақты желі құруға және өсімді қамтамасыз етуге көмектесетін ширақтық пен инновацияда.

Құндылықтар

 

Стратегиялық жол картасы

Біздің стратегиялық жоспарымызда 2025 Тұжырымдамасына қол жеткізу қадамдарын анықтайтын төрт іргелі қағида бар. Біз құндылықтарға, адамдарға, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге және де қызметіміздің тиімділігіне аса көңіл бөлетін боламыз, себебі олар 2025 Тұжырымдамамызды жүзеге асыруға көмектеседі. 2025 Тұжырымдамамыздың жолында қалу үшін, олардың прогрессін қадағалау мақсатымен жүйелі бақылап отыру қажет.
Біз кез келген жердегі емделушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру және қоғам мен тұтынушылардың сеніміне ие болу үшін анық мақсаттар, жоспарлар мен негізгі нәтиже көрсеткіштерін белгілейміз.

Құндылықтар

Такедаизм (Қағидаларға берілгендік, Әділдік, Адалдық, Табандылық) және Емделуші, Сенімділік, Беделдік пен Бизнес - барлығы біздің жұмыс істеу әдістерімізге тереңінен еніп кеткен. Оларды кез келген уақытта сапаны сақтау мен дұрыс іс-әрекет жасауды қамтамасыз ететін шараларды орындап, шешімдер қабылдау үшін пайдаланамыз.

Takeda емделушілерге берік бағдарланған компания және емделушілер мен тұтынушыларға аса көңіл бөлетін ұйым құруда. Біздің жергілікті ұйымдарымыз емделуші және тұтынушы қажеттіліктеріне сай қызмет етеді.

Біздің қызметкерлер - жетістігіміздің іргетасы. Қызметкерлеріміз өз үлестерін қоса алатын, орындай алатын және жекелей дами алатын әртүрлі, құрама, қауіпсіз, ашық және бірлескен жұмыс ортасын құрамыз.

Takeda көшбасшылары стратегиялық ойлауды көрсетеді, емделушілеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін инновациялық тәсілдерді табады, қоғам сенімін иеленеді, беделін нығайтады және бизнесті дамытады. Олар адамдарды командалық жұмысқа және компанияның табысқа жетуі үшін ілгері жылжуына жігерлендіретін атмосфераны құрады. Олар басымдықтарға назар аударады және жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. Олар компаниямыздың қазіргі және болашақтағы мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Ғылыми зерттеулер мен талдамалар

 

Ғылымды өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмекке айналдырып, емделушілердің өміріне ықпал ететін, халықаралық деңгейдегі Takeda инновациялар орталығы бар.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына негізделген компания ретінде біз инновациялар шыңында болғымыз келетін зерттеулерге бар күшімізді саламыз. Онкология, гастроэнтерология, сирек сырқаттар және неврология - осы төрт негізгі терапевтік салаларына бағдарланған зерттеу орталықтарымыз бар.

Біздің өнімді ғылыми-зерттеу орталығымызда ұзақ мерзімді әзірлемелер жиынын қамтамасыз ету үшін ішкі және сыртқы инновациялардың біріккен тәсілі қолданылады. Сонымен қатар, саладағы үздік серіктестердің бірі болуға ұмтыламыз.

Бизнес
Өнімділік

бағдарланған. Оған төрт негізгі терапевтік салалар кіреді: онкология, гастроэнтерология, сирек сырқаттар және неврология, сонымен қатар плазмалық терапия мен вакциналар. Жоғары қаржылық тәртіптің арқасында тиімді өсіммен қатар препараттарымызға ең кең қолжетімділікті қамтамасыз етуге тырысамыз. Бұның барлығы бізді анағұрлым бәсекеге қабілетті етіп, емделушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға көбірек мүмкіндік береді.

 


Қатысты мазмұн