Біз пациенттер үшін шынайы инновацияларды қамтамасыз ететін емдеудің соңғы ғылыми жетістіктеріне бағдарлана отырып, динамикалық ғылыми-зерттеу ұйымы болуға тырысамыз. Біз өзіміздің негізгі терапевтік салаларымыздағы емдеу әдістерін дайындауда алдыңғы қатарлы позицияға ие болуға, әзірлемелерімізді нығайтуға және шабыт сыйлаушы ортаны қалыптастыруға ниеттіміз.
Біз ғылыми жетістіктерді жоғары иновациялық дәрілік заттарға айналдыра отырып, пациенттерді денсаулыққа қамқорлық және болашаққа деген сеніммен қамтамасыз етуге тырысамыз. Біз онкология, гастроэнтерология, неврология және сирек аурулар сияқты төрт терапевтік саладағы зерттеулеріміз мен әзірлемелерге баса назар аударамыз. Біз сондай-ақ плазма мен вакциналар негізінде препараттармен емдеу саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерге мақсатты инвестицияларды жүзеге асырамыз.
Takeda компаниясының жаһандық өнімдер портфелін сілтеме арқылы таба аласыз.