Takeda компаниясы және оның серіктестері медицинадағы ғылыми жетістіктерді қолдай отырып және күрделі аурулар туралы түсінікті тереңдете отырып, пациенттерге деген қамқорлықты жақсартуға ұмтылады. Сондықтан зерттеушілер бастамашылық еткен зерттеулер бағдарламасы (IIR) біздің қызметіміздің негізгі құрамдастарымен және біз үшін терапевтік салалармен тікелей байланысты маңызды медициналық және ғылыми мәселелерді қозғайтын инновациялық клиникалық және іргелі ғылыми әзірлемелерді қолдайды.
IIR денсаулық сақтау қызметкерінің немесе денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен зерттеу ретінде анықталады, онда зерттеуші немесе мекеме (ғылыми, жеке немесе мемлекеттік) демеуші ретінде әрекет етеді, ал Takeda компаниясы зерттелетін дәрілік затты ұсыну және/немесе қаржыландыру түрінде қолдау көрсетеді. Takeda IIR-дың демеушісі емес. Зерттеуші немесе мекеме қолданыстағы құқықтық реттеуге сәйкес жауапкершілікті алып жүреді.
IIR ұсыныстарын Takeda компаниясының медициналық және ғылыми қызметкерлері қарайды. Шешімдер ғылыми жетістіктерге, сондай-ақ ғылыми қызығушылық пен ресурстардың қол жетімділігіне негізделген.
Сұрау салу IIR-ді іске асыру үшін Takeda компаниясы тарапынан қолдау көрсетудің кепілі болып табылмайды.
Takeda компаниясының зерттеушілік қызығушылығының өзекті салалары туралы толығырақ
Жаңа IIR-ге сұрауды немесе Takeda қолдайтын ағымдағы зерттеу бойынша сұрау cалу үшін: СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
Сұрақтар туындаған жағдайда:
Takeda компаниясы IIR-ды жүргізу бойынша қызметке қолдау көрсетпейді (мысалы, хаттама жазу, статистикалық деректерді талдау, зерттеу туралы есеп, жариялау, мониторинг). IIR-ды операциялық қолдау зерттеуге демеушілік ететін зерттеушінің жауапкершілігі болып табылады.
IIR-ды қолдау қатаң түрде зерттеудің маңыздылығын өлшемдік бағалау негізінде беріледі. Takeda компаниясы білікті зерттеушілер мен мекемелер жүргізетін этикалық зерттеу қызметін ғана қолдайды. Зерттеуді қолдау ешқандай жолмен байланысты емес және Takeda компаниясы шығаратын өнімдердің ұсыныстарына немесе тағайындалуына қатысты қандай да бір міндеттемелерді білдірмейді.