Takeda компаниясының зерттеулер мен әзірлемелер саласы бүкіл әлемде пациенттерді емдеудің жаңашыл әдістерін қамтамасыз ету үшін үнемі соңғы ғылыми жетістіктерге бағдарланады. Бұл сарапшылардың ауқымды желісін, біздің негізгі терапевтік салалар мен әлемдік деңгейдегі ресурстарды жете түсінуді талап етеді. Әріптестік, ынтымақтастық және зерттеулер арқылы біз алдыңғы қатарлы ғылымның денсаулық сақтау саласының тиімді шешімдері болуына септігін тигізетін инновациялардың экожүйесін дамытамыз.
«Шонан» инновациялық денсаулық паркі (Shonan Health Innovation Park (Shonan iPark)) – бұл Жапониядағы фармацевтикалық ноу-хауға негізделген ашық фармацевтикалық инновациялық экожүйе, онда өнеркәсіп, үкімет пен ғылым Жапониядағы, сондай-ақ бүкіл әлемдегі кәсіпкерлік пен ынтымақтастықты дамыту үшін біріктіріледі. Инновациялық денсаулық паркі арналады:
Асқан мақтанышпен Takeda компаниясының қаржыландыруы негізінде Нью-Йорк ғылым академиясы өткізетін ғылымдағы инновациялар үшін Innovators in Science Award cыйлығы 2016 жылдың қараша айында құрылды. Ол болашақ жас ғалымдарға және жетекші ғылыми қызметкерлерге нейробиологиядағы, гастроэнтерологиядағы, регенеративті медицина мен онкологиядағы терапевтік бағыттарды дамытуға қосқан үлесін мойындау ретінде беріледі. Сыйлық олардың инновациялық зерттеулерге бейімділігін көтермелеуге арналған.
Жыл сайын жеке терапевтік салада 200 000 АҚШ доллары көлемінде екі сыйлық беріледі, біріншісі – келешегі зор жас ғалымға, екіншісі – өзінің креативті ойлауымен және зерттеу нәтижелерімен ерекшеленген әлемнің жетекші ғылыми қызметкеріне.
Толығырақ сілтеме бойынша www.takedainnovators.com