Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОРҒЗИ) басшылығы және Takeda Pharmaceuticals (Takeda) жаһандық биофармацевтикалық компаниясының ресми өкілдігі – «Такеда Қазақстан» компаниясы Қазақстан аумағында онкологиялық аурулармен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Меморандум ғылыми-білім беру құрамдасын, институттың диагностикалық жобаларын дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ мақсаты пациенттерге қолдау көрсету, олардың денсаулық жағдайы мен өмір сапасын жақсарту болып табылатын қайырымдылық және әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы ҚазОРҒЗИ мен Takeda компаниясы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
«ҚазОРҒЗИ» АҚ Басқарма Төрайымы, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Академигі, ҚР Онкологтар қауымдастығының президенті Диляра Кайдарованың айтуынша, Қазақстанда жыл сайын онкологиялық аурулармен ауыратын науқастар саны артып келеді. 2020 жылы 35 мыңнан астам жаңа жағдай анықталды. «Қазақстанда, бүкіл әлемдегі сияқты, қатерлі ісіктермен сырқаттану өсуде. Сондықтан онкологиялық ауруларды емдеу саласындағы ғылыми базаны дамыту, онкологиялық науқастарға уақтылы және кәсіби көмек көрсете алатын мамандарды даярлау, алдын алу және ерте диагностикалау құралдарын белсенді енгізу және пайдалану өте маңызды», - дейді Диляра Кайдарова.
Тараптар ынтымақтастығының шеңберінде Қазақстанда өкпе қатерлі ісігі, Ходжкин лимфомасы және көптеген миеломасы бар пациенттер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған Мектептер өткізу жоспарлануда. Бұл бастама онкологиялық аурумен ауыратын адамдарға және олардың жақындарына аурудың барысы мен болжамына байланысты қосымша ақпарат, өмір салты бойынша ұсыныстар, кәсіби психологиялық қолдау алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, медициналық қоғамдастық өкілдеріне онкологиялық аурулардың патоморфологиялық, морфологиялық, молекулалық-генетикалық диагностика бойынша бірқатар білім беру іс-шаралары өткізілетін болады. Жоба аясында өкпе қатерлі ісігін диагностикалау кезінде түрлі мамандықтағы медиктердің функционалдық өзара әрекеттесуін күшейту бойынша мультидисциплинарлық топ жұмыс істейтін болады. Жұмыс тобының құрамына химиотерапия, патоморфология, молекулярлық генетика саласындағы мамандар кіретін болады.
«Takeda биофармацевтикалық компаниясы үшін онкологиялық ауруларды емдеуге арналған инновациялық дәрілік заттарды әзірлеу және өндіру басым бағыт болып табылады. Күн сайын біз медициналық көмек көрсетуді жетілдіруге және қазақстандық пациенттер үшін инновациялық дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге өз үлесімізді қосуға тырысамыз. Бүгін қол қойылған келісім Takeda ұйымының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар арқылы онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды қолдауға деген мызғымас ниетін растайды», - деп түсіндірді «Такеда Қазақстан» компаниясының директоры Сабира Салыхова.
EXA/KZ/ADCE/0004