Қол мділікті қосу жетіҚол мділікті қосу жеті

Қазақстанда сирек кездесетін аурулары бар пациенттер енді толыққанды өмір сүре алады

2021 ж. 8 желтоқсан

Алматы. Қазақстан Республикасы. 2021 жылғы 9 желтоқсан. Takeda Pharmaceutical Company Limited (Takeda) жаһандық биофармацевтикалық компаниясының еншілес ұйымы болып табылатын «Такеда Қазақстан» компаниясы сирек кездесетін және өмірге қауіп төндіретін ауруды – тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісінуді (ТҚАІ) емдеуге арналған С1-эстераза ингибиторы инновациялық препаратын Қазақстандық нарыққа шығарды. Препарат сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттар тізбесіне кіреді және Қазақстандық пациенттер үшін емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша қолжетімді.

 

240 жыл бойы қызмет етіп келе жатқан Takeda компаниясының негізгі мақсаттарының бірі пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Қазақстанда Takeda сирек кездесетін аурулары бар пациенттердің инновациялық терапияға қолжетімділігін арттыруға күш салады. Бірегей препаратты Қазақстан Республикасына әкеліп, тіркеу – компанияның пациенттерге бағдарланған философиясынын тағы бір дәлелі.

 

- ТҚАІ дәрілік терапиясын біз 25 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Қазақстан нарығына шығару Takeda компаниясының көпжылдық саясатының жалғасы болып табылады. Біз Қазақстандық пациенттерді әлемдік тәжірибемен тексерілген инновациялық терапиямен қамтамасыз етуге және азаматтарымызды емдеу жолында дәрігер мен мемлекетке серіктес болуға тырысамыз. Takeda өсіп келе жатқан және дамушы нарық ретінде Қазақстанға басым назар аударады, сондай-ақ емдеу әдістері аз немесе терапиясы мүлде жоқ сирек кездесетін аурулармен ауыратын пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барлық күш-жігерін салады, дейді «Такеда Қазақстан» директоры Сабира Салыхова.

 

Клиникалық зерттеулердің деректеріне сәйкес препарат барлық бағытта – ТҚАІ алдын алу режимінде, ұстамалардың емшара алдындағы (стоматологиялық немесе басқа медициналық) және операция алдындағы профилактикасында, сондай-ақ емделушілердің әртүрлі топтарының (2 жастан асқан балалар, ересектер және жүкті әйелдер) ТҚАІ ұстамаларын жедел емдеу кезінде өзінің жоғары тиімділігін көрсетті. Препараттың қолайлы қауіпсіздік профилі бары және жағымды болуы да маңызды.

 

- АҚШ пен ЕО елдерін қоса алғанда, әлемнің көптеген елдерінде мақұлданып, қолданылатын осы терапияның пайда болуы Қазақстандық пациенттер үшін өмір сапасын едәуір жақсарту, жұмысқа, оқуға және демалысқа толыққанды оралу мүмкіндігін білдіреді. Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну – бұл бастапқы иммун тапшылығы, ол ГКС және антигистаминдермен тоқтатыла алмайтын ауыр, көбінесе өмірге қауіпті ісінулер түрінде болады. Бұл ауруды ерте диагностикалау үлкен проблема болып табылады. Соңғы кезде 19 пациент анықталды, бірақ эпидемиологиялық мәліметтер бойынша кем дегенде 600 пациент болжалған. Бұл пациенттердің өміріне үнемі қауіп төніп тұрады. Республикада С1 ингибитор препаратын тіркеу біздің пациенттерге белсенді өмір сүруге мүмкіндік берді. Препараттың жоғары тиімділігі, жоғары қауіпсіздік профилінің болуы және пациентті емдеудің барлық кезеңдерінде қолдану мүмкіндігі қуантады, - дейді Қазақ иммунодефициттер қоғамы иммунологтары қауымдастығының төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Назарбаев Университетінің "Medical University Center Республикалық диагностикалық орталығы" КҚ клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бөлімінің меңгерушісі Елена Фёдоровна Ковзель.

 

Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну (ТҚАІ) өмірге қауіпті ауру болып табылады. 2020 жылғы ресми статистикаға сәйкес әлемнің 56 елінде ТҚАІ ауруымен ауыратын 2568 отбасы болған. Қазақстанда бүгінгі таңда расталған диагнозы бар 19 пациент анықталды. Алайда, бұл көрсеткіштер нақты жағдайды көрсетпейді. Республикалық диагностикалық орталықтың Клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бөлімінің деректеріне сәйкес, елде тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісінудің кемінде 600 жағдайы болуы мүмкін.

 

C-APROM/KZ/CIN/0024