Пандемияның әсеріне қарсы тұру мақсатында «Такеда Қазақстан» компаниясы 2020 жылы медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау жүйесін қолдау бойынша бірқатар қайырымдылық іс-шараларын іске асырды.
Компания бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігінің көрінісі бола отыра, қайырымдылық бірнеше бағытта жүргізіліп, ауруханаларға, денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподақтарына және пациенттерге көмек көрсетілді. Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік инвесторлар тобының құрамында Takeda Нұр-Сұлтан қаласының Көпсалалы медициналық орталығына (КСМО) қарқынды терапияға арналған заманауи жабдықтарды, сондай-ақ коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарға арналған жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) сатып алып, сыйға тартты.
Компания сондай-ақ «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Ақмола облыстық филиалына елордалық өңірде COVID-19 науқастарының санын азайту бойынша жұмыс істейтін Ақмола облыстық ауруханасының бір жарым мың медицина қызметкеріне ЖҚҚ сатып алуға қаражат жіберді.
Takeda Өзбекстанның 30-дан астам емдеу және алдын-алу мекемелеріне атаулы көмек көрсетті, атап айтқанда 36 000 медициналық маска және 3 000-нан астам санитайзер ұсынды. Бұл көмек жоғары қауіпті аймаққа келген ЕАМ медициналық қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін қорғауды жақсартуға ықпал етті.
Компания Қырғыз Республикасындағы Ош облысаралық біріккен клиникалық ауруханасының сұрауына жауап берді.
Медициналық мекеме 2000 ЖҚҚ-ға жуық гуманитарлық көмек алды, оның ішінде бір реттік қорғаныс комбинезондары, медициналық респираторлар, қорғаныш көзілдіріктері және медициналық бет қалқандары бар.
Пациенттердің қажеттіліктеріне назар аудара отырып, Takeda Әзірбайжандағы Гемофилия қауымдастығына гемофилияның күрделі түрімен ауыратын науқастарды қолдау және коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын-алу, сондай-ақ оларға үйде медициналық көмек көрсету үшін қайырымдылық көмек көрсетті.
Пандемияға байланысты Хантер синдромы бар 24 науқас энзимді алмастыратын терапияны тиісті түрде қабылдаудан шектелді. Осыған байланысты Takeda COVID-19 жағдайында инфузиялық жүйелерде тапшылығы бар медициналық мекемелерге «Help Today» ҚҚ қаржылай көмек жіберді.